Елімізде үш облысында республикалық жолдар жабылды

3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ QаzAvtoJol ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында – 1 учаске 

1.«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.- Қайнар а. – 79 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (екпінді жел, қар аралас жаңбыр, тұман, шектеулі көрініс) 

Батыс Қазақстан облысында – 4 учаске 

1. «Самара-Шымкент» 195-251 км, РФ шек.–Орал қ.– 56 км. 

2. «Орал-Тасқала-РФ шек.» 4-104 км, Орал қ.-РФ шек. – 100 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс) Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді. 

3. «Чапаево-Жалпақтал-Казталовка» 0-213 км, Чапаево а.-Казталовка а. – 213км. 

4. «Подстепное-РФ шек.» 0-36 км, Подстепное а.-Федоровка а. – 36км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады. 

Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске 

1. «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 62-228 км, Возвышенка а.-Рощинское а. – 166 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс). 

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 450 бірлік техника және 738 жолшы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: - архив
Өзгелердің жаңалығы