Елімізде «ұлттық ағаш отырғызу күні» өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев азаматтық қоғамда қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлеуметтік жауапкершілікті дамыту мәселелері бойынша Қазақстандағы Жер Сағатының бастамашысы Алан Бесенмен кездесу өткізді.

Алан Бесен министрге дүниежүзілік «Жер Сағаты» акциясын экологиялық айлар форматында қолдай отырып, 2025 жылға дейін ел бойынша 2 миллиард ағаш отырғызуды қолдау мақсатында «Бүкілқазақстандық ұлттық ағаш отырғызу күні» өткізілетіндігін айтты.

«Тұрақты даму» Жер Қорының басшысы Елорда өңірінде, атап айтқанда Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қараөзек ауылында экологиялық туризмді дамыту үшін жаңа салынған 500 орындық «Хан киіз үйінде» бірқатар іс-шараларды өткізу жоспарлары туралы бөлек хабардар етті. Кездесу қорытындысы бойынша ҚР ЭЭкология министрі Мағзұм Мирзағалиев Жер Сағаты кезіндегі экологиялық бастамалардың жоспары тиісті шешімдер қабылдау үшін қарастырылатындығын айтты.

Жер Сағаты - бұл «Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры» (World Wide Fund for Nature, WWF) ұйымдастыратын жаһандық халықаралық акция. Ол жыл сайын наурыздың соңғы сенбісінде өткізіледі. Бұл күні белгіленген уақытта әлемнің әртүрлі елдерінде адамдар бір сағатқа жарық пен басқа да электр құрылғыларын өшіреді.

Бұл акцияның мәні – планетамыздағы климаттың өзгеруі проблемасына бүкіл әлем қауымдастығының назарын аудару, осы экологиялық проблеманы шешуде бірлескен іс-қимылдардың қажеттілігі идеясын қолдайтындығын көрсету болып табылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы