Елімізде турникке тартылудан фестиваль өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде алғаш рет, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қорының ұйымдастыруымен, 10 шілде мен 8 қыркүйек аралығында еліміздің барлық аймақтарында турникке тартылудан сайыс өтеді.
Фестиваль еліміздің 20 қаласында өтеді. Жоба жетекшісі: Қоғам және әлеумет қайраткері, жаттықтырушы және актер, Street Workout-тан Қазақстан және әлем бойыша бірнеше дүркін рекорд иегері. Street Lifting бойынша Еуропа рекорд иесі, Қазақстандағы Street workout қозғалысының негізін қалаушыларының бірі Айтым Жакупов @aitymzhakupov.
2022 жылы 10 шілдесінде Алматы облысы, Қонаев қаласы, Жағажай спорт алаңында Алматы облысының әкімдігінің қолдауымен, республикалық «TARTYL FEST» спорт фестивалінің Алматы облысы бойынша іріктеу кезеңі өтеді.
Жарыс бағдарламасы:
9:00 - 11:00 Тіркеуден өту, салмақ өлшеу, қатысушы нөмірін алу
11:00 -11:30 - Салтанатты ашылу
11:30 - 13:30 - Жарыстың өтуі
14:00 - 15:00 – Жеңімпаздарды марапаттау.
Жарыста қатысушылар салмағы мен жас ерекшеліктеріне қарай 9 категорияда бақ сынайды:
18 жасқа дейінгі жасөсперімдер
Салмақтары:
1) 55 кг-ге дейін;
2) 55 кг-нан 70 кг-ға дейін;
3) 70 кг-нан жоғарылар;
18 жастан 30-ға дейінгі жастар:
Салмақтары:
4) 65 кг-ге дейін;
5) 65 кг-нан 80 кг-ға дейін;
6) 80 кг-нен жоғарылар;
30 жастан жоғары ересектер:
Салмақтары:
7) 80 кг-ге дейін;
8) 80 кг-нан 90 кг-ға дейін;
9) 90 кг-нан жоғарылар;
Жоғарыда көрсетілген 9 санаттың әрқайсысы үшін жүлде қоры:
1 орын – 200 000 тг;
2 орын – 100 000 тг;
3 орын – 50 000 тг;
Әр санат бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Гранд-Финалға қатысуға жолдама алады.
Гранд-Финал Нұр-Сұлтан қаласында 8 қыркүйек күні өткізіледі. Республикалық гранд Финалдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар, әлемдік чемпионатқа жолдама ұтып алады.
Гранд Финал жүлдеқоры:
1 орын 3 000 000 тг;
2 орын 2 000 000 тг;
3 орын 1 000 000 тг.