Елімізде «Түркістан сілеусіні» фототұзаққа түсіп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Орталық Азияда ғана кездесетін «Түркістан сілеусіні» Экология министрлігіне қарасты Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі қызметкерлері тарапынан қойылған фототұзаққа ілінді.

1904 жылы Ричард Лидеккер анықтап, Lynx lynx wardi деген ғылыми атау берілген. Кәдуілгі сілеусін тұқымдас «Түркістан сілеусіні» негізінен таулы өлкелер мен орманды жерлерді мекендейді екен. Lynx lynx isabellinus деген де атауы бар бұл аң еліміздің «Қызыл кітабына» енген. 

Тарихқа сүйенсек, сілеусіннің бұл түрін 1976 жылдан бастап аулауға тыйым салынған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы