Елімізде тұрғын үй құрылысы бәсеңдеді

Елімізде тұрғын үй құрылысының қарқыны бәсеңдеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басынан бері оның көлемі бірден 6 процентке азайған.

Әсіресе Астана мен Алматыда жаңа тұрғын үйлерді салу көрсеткіші бірден 30-36 процентке кеміп отыр. Соған сай, сауда көлемі де азайып, баспана бағасы тұрақталды. Бұған дейін отбасы банкінің төрайымы қазір шаршы метр сатып алуға тиімді уақыт екенін айтқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы