Елімізде тұмауға қарсы вакцинаның 2,5 млн дозасы сатып алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, елімізде қыркүйектің екінші жартысынан бастап тұмауға қарсы вакцинация науқаны жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ министрдің сөзінше, тұмауға қарсы вакцина бірінші кезекте медицина қызметкері, медициналық ұйымдарды диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беретін ұйымдарға салынады.15 қыркүйектен бері тұмауға қарсы жыл сайынғы екпе салу науқаны басталды. Эпидемиологиялық маусымда бірыңғай дистрибьютор болып табылатын «СҚ-Фармация» ЖШС «Гриппол плюс» вакцинасының 2 526 754 дозасын сатып алды. Екпе ел тұрғындарының 13%-ын қамтитын болады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Бүгін 270 мыңдай адам немесе халықтың қамтылуы тиіс тобының 10,5%-ы екпе салдырып үлгерді, - деді Алексей Цой.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде төрт өңір «жасыл» аймақта екендігін айтқан болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СOVID-19: Төрт өңір «жасыл» аймақта тұр
Өзгелердің жаңалығы