Елімізде толық циклді Kia зауыты іске қосылады
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан-Корея бизнес форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанда қазірдің өзінде Hyundai көліктері сәтті құрастырылып жатыр. Келесі жылы біз инвестиция көлемі 200 миллион доллар болатын толық циклді Kia зауытын іске қосамыз деп отырмыз,- деді Президент.
Мемлекет басшысы, елімізде оңтүстіккореялық көліктердің бөлшектері шығарылатынын айтты.
Оңтүстік Кореяның бірқатар Xiong, Ehwa, Yongsan, Motrex компаниялары автомобиль өнеркәсібін дамытудың келесі кезеңін бастап, елімізде автокомпоненттерді шығару кластерін құруды жоспарлап отыр,- деді Мемлекет басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда ірі құрылыс нысаны бұзылады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы