Елімізде ТКШ саласында стандарттар әзірленіп жатыр
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруды қызметтері ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс мүліктің меншік иелері бірлестігі жүзеге асырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылы әзірленуге жоспарланған құжаттардың жартысына жуығы әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған. Мәселен, ТКШ саласында көппәтерлі үйлерді күрделі жөндеуге, тұрмыстық қалдықтарды жинауға және әкетуге және т.б. талаптарды белгілейтін 6 ұлттық стандарт әзірленетін болады, - деп ҚазСтандарттың бас директоры Ғабит Мұхамбетов атап өтті.
Анықтама ретінде стандарттар тізімі:
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері. Терминдер мен анықтамалар.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері. Кондоминиум объектісін басқару қызметтері. Жалпы талаптар.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтер.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері. Көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күрделі жөндеу қызметтері. Жалпы талаптар
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері. Коммуналдық қызметтер. Жалпы талаптар.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері. Тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету қызметтері. Жалпы талаптар.
Мысалы, ҚР СТ «Көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін басқару және күтіп ұстау жөніндегі қызметтер» стандартын әзірлеу ММБ төрағасымен жасалған шарт шеңберінде сервистік ұйымдар көрсететін көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді және тұрғындармен құқықтық қатынастар үшін негіз болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Өзгелердің жаңалығы