Елімізде өтетін UFC турнирі кейінге қалдырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде тұратын этникалық қазақ, UFC спортшысы Дамир Исмагулов Youtube желісіндегі "Территория ММА" арнасына берген сұхбатында Қазақстанда жоспарланған алғашқы UFC турнирі жайлы айтты, деп жазады Prosports.kz.

Менеджер маған UFC турнирі Қазақстанда өтетінін айтқан кезде, қатты қуандым. Өйткені бұл турнир спорттық бабымды жоғары деңгейге жеткізер еді. Бірақ қазір жағдай анық емес. Мүмін турнир кейінге қалдырылатын шығар. Турнир өтеді, бірақ уақыты әлі белгісіз. Бұл менің болжамым ғана. Егер турнир кейінге қалдырылса, жарақатымнан толық жазылып, оған қатысуға мүмкіндік алар едім. Қазақстанда алғашқы, тарихи жекпе-жегімді өткізуді армандаймыз. Мен үшін бұл керемет болар еді. Бірақ екінші жағынан өз жанкүйерлеріңнің алдында жұдырықтасу үлкен жауапкершілік жүктейді, - деді Исмагулов.

Айта кетейік, биыл 16 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында UFC турнирі өтуі мүмкін еді. Бұл кеште UFC ұйымымен ақпан айында келісімшарт жасасқан Жалғас Жұмағұлов, аталған ұйымдағы алғашқы қазақстандық Шавкат Рахмонов сынды файтерлер өнер көрсетеді деп жоспарланған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы