Елімізде теміржол билеттері қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік маңызды облысаралық бағыттар бойынша жүретін пойыз билеттерінің бағасы 10%-ға қымбаттады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

«Қазақстан Республикасы Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі хаты негізінде, 2019 жылғы 21 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағдарларға қатынайтын пойыздардан басқасының билеттері 10%-ға қымбаттағанын хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

11 бағыттағы пойыздың бағасы қымбаттаған жоқ, олар:

№ 085/086 «Нұр-Сұлтан -Сарыағаш» 

№ 021/022 «Қызылорда-Семей» 

№ 313/314 «Атырау-Маңғыстау» 

№ 339/340 «Павлодар-Пресногорьковская» 

№ 373/374 «Алматы-Жезқазған» 

№ 377/378 «Алматы-Маңғыстау» 

№ 603/604 «Нұр-Сұлтан -Арқалық» 

№ 085/086 «Қарағанды-Сарыағаш» 

№ 021/022 «Алматы-Семей» 

№ 22/6941/6942/21 «Алматы-Достық» 

№ 339-55/56-154 «Павлодар-Қызылорда».

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы