Елімізде «Таза қала» ауқымды тележобасы басталды
Президент Телерадиокешенінің «Таза қала» жобасы Қазақстан қалаларының экологиялық жай-күйі жөнінде репортаждар сериясын бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түсірілім тобы Қазақстанның ірі және шағын қалаларына барады және әрқайсысының тазалығы мен көркі туралы әңгімелейді.
Журналистер жергілікті тұрғындармен кездеседі, коммуналдық қызметтердің жұмысын көреді, қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен, аймақтың экологиялық өміріне белсенді қатысатын барлық еріктілермен танысады.
«Таза қала» жобасының әр шығарылымында тілшілер жергілікті билік өкілдерімен сұхбаттасып, тәуелсіз эколог-сарапшылармен бірге өз бағаларын береді.
Бұл елді мекендер мен жалпы өңірлердің санитарлық тазалық, экологиялық тазалық, абаттандыру бойынша объективті рейтингін жасауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама шығарылымдары «Jibek Joly» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.
Айта кетейік, алғашқы шығарылым Қазақстанның ірі мегаполистерінің бірі шырайлы Шымкент туралы болды.