Елімізде танымал компаниялардың өкілдіктері ашылады

Бұл туралы  Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі AMW-2022 іс-шарасында мәлім етті,  деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін астанамызда күздегі ауқымды медиа-апталық — Astana Media Week-2022 басталды. Іс-шараның алғашқы күні «Жаңа дәуір – жаңа медиа» деген атауды иеленді.

Қазір  ақпарат саласындағы медиаконтент интернетте  оны таратудың  басты арналардың біріне айналды. Министрдің айтуынша, TikTok — бұл жастар арасында кеңінен танымал әлеуметтік желі. Ол тіпті  инстаграм әлеуметтік желісін де басып озды. Осы деңгейде  TikTok 2021 жылы ең көп жүктелген мобильді қосымшаға айналды. Бүгінгі таңда қосымшаны миллиардтаған адамдар пайдаланады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр контент сапасына тоқталды.

Мұнда контенттің керемет сапасы бар. Осыған орай, бүгінгі жиынға Meta және TikTok жаһандық компаниялардың өкілдері қатысып отыр. Біз бұл ірі компаниялармен тығыз жұмыс істейтін боламыз. Meta Қазақстанда өз өкілдігін, ал TikTok – кеңсе ашуды, сондай-ақ медиа сауаттылыққа үйретуді қолға алып отыр, - деді Дархан Қыдырәлі AMW - 2022 панельдік сессиясы барысында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы