Елімізде тағы үш ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізіледі
Қарағанды – Алматы тасжолында орташа жылдамдық өлшенетін болады.
Биыл елімізде бірнеше ақылы жол учаскесінде орташа жылдамдықты өлшеу жүйесі іске қосылады. Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа бақылау құралдары Қарағанды – Алматы, Өскемен – Талдықорған және Қорғас – Алматы бағыттарында орнатылады.
Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет биыл тағы үш негізгі бағытта орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілетінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, жаңа жүйе Қарағанды – Алматы автожолы, Өскемен – Талдықорған автожолы және Қорғас – Алматы автожолы учаскелерінде орнатылады.
Биыл негізгі учаскелер – Қарағандыдан Алматыға дейін, Өскемен – Талдықорған, сондай-ақ Қорғастан Алматыға дейінгі жолда енгізіледі, – деді Мақсат Баяхмет.
Оның мәліметінше, биыл бірінші тоқсанда орташа жылдамдықты өлшеу жүйесі жұмыс істейтін жолдарда жол-көлік оқиғаларының саны 15 пайызға азайған.
- Қазақстанда цифрлық активтерден түскен табысты салықтан босату ұсынылды 11:17
- Тоқаев Hyundai басшысымен кездесті: Қазақстанда автокөлік өндірісінің жаңа кезеңі басталмақ 11:03
- Қазақстанда цифрлық активтер саласында 34 жоба іске асырылып жатыр 10:54
- Атырауда дроннан күдікті зат салынған 11 пакет табылды 10:50
- Тоқаев Lotte басшысымен кездесті: Қазақстанда жаңа қонақүйлер салынады 10:31
- ҚМА алаяқтардың Агенттік атынан жалған хат таратып жүргенін ескертті 10:18
- Жала жауып, жазасыз қалуға бола ма? Қазақстанда жалған айғақ бергені үшін қандай жаза бар 10:00