Елімізде тағы бірнеше жол ақылы болады

Қазанның 8-інен тізімге Павлодар-Семей-Қалбатау тас жолдары қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ бүгіннен бастап Бейнеу-Ақжігіт тасжолымен қатынау үшін де ақы төлеу керек. 

Бұдан бөлек, Орал-Самара, Павлодар –Омбы және Көкшетау-Петропавл жол учаскелері ІІ және ІІІ санаттағы ақылы тасжолдардың тізіміне енді. Бұл жолдар ақылылардың санатына біртіндеп енгізілетінін айта кеткен жөн. Ал жеңіл көліктерден әзірге ақы алынбайды. 

Автобус пен жүк көліктерінің иелері ғана төлем жасауы тиіс. Мәселен, ауыр жүк көліктері 1 шақырымына ең көп дегенде 25 теңгеден төлейді. Айта кетейік, үнемі жолаушы және жүк таситын көліктерге жеңілдетілген абонемент ұсынылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы