Елімізде тағы бір ұлттық ғылыми орталық ашылады
Қазақстанда Сейсмология институты мен Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияны Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығына біріктіру арқылы қайта құру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінің мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы қаулысында айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Заңнамада белгіленген тәртіппен «Сейсмология институты» ЖШС мен «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС біріктіру жолымен жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС болып қайта құрылсын, – делінген құжатта.
Қаулыға сәйкес, ЖШС қызметінің негізгі түрлері - сейсмикалық қауіпті бағалау, күшті жер сілкіністерінің ғылыми болжамы, ірі елді мекендер мен стратегиялық объектілердегі сейсмикалық қауіпті бағалау, сондай-ақ елдің сейсмикалық қауіпті аумақтарында кешенді сейсмологиялық мониторинг жүргізу.
Қаулы 2022 жылдың 21 желтоқсанда күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскеменде ер адамнан есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Өзгелердің жаңалығы