Елімізде тағы бір партия құрылмақ
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматыда бастамашыл топ "Халыққа адал қызмет" партиясын құратындықтарын мәлімдеді.
Бастамашыл топтың айтуынша, "Халыққа адал қызмет" партиясының негізгі идеологиясы – еліміздің елдігін, жеріміздің тұтастығын, халқымыздың бірлігін сақтап, мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосуға атсалысу.Біз ескірген қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Бірақ біздің ойымыз бен санамыз жаңарған. Дәл қазір елімізге деген сенімсіздіктің пайда болғанын көріп отырмыз. Ол сенімсіздікті халықпен бірге жойып, өзгеріске, жаңаруға бет алғымыз келеді, - дейді бастамашыл топтың мүшесі Аякөз Ханетова.Бастмашыл топтың тағы бір мүшесі Болат Жұматаев бұл партияны құруға елімізде өткен соңғы президент сайлауы түрткі болғанын айтады.
Біз ол сайлаудан мұрагерлікті емес, өзгеріс күттік. Елде қалыптасқан саяси жағдайды саралай келе Nur Otan партиясы мен ДВК-дан өзге партияның жоқ екенін көрдік. Біреуі "біз жақсымыз бізге кел" десе, екіншісі "біз ақылдымыз, бізге кел" дейді. Осы жағдайды саралай келе өз партиямызды құруды қолға алдық. Шілде айынан бастап осы партияны құру бойынша идеялық шараларды өткіздік. Елімізде бізді қолдайтын азаматтардың саны мыңнан асқан соң заңды түрде тіркеуге бел будық. Қазан айында "Халыққа адал қызмет" партиясын құруға бастама білдірген тұлғалар тобын құрдық және 31 қазан күні партия құру жөнінде жиналыс өткіздік, - дейді ол.Сондай-ақ олар партияны тіркеу жөніндегі өтінімді ҚР Әділет министрлігі кері қайтарғанын да жеткізді.
Біз партияны ресми түрде тіркеу жөнінде алдын ала рұқсат алу бойынша Әділет министрлігіне өтінім білдірген едік. Қарашаның 5 күні әділет министрлігі Қазақстан Республикасының "Саяси партиялар туралы" Заңының 6-шы бабына сілтеме жасай отырып өтінімімізді кері қайтарды. Яғни, елімізде партияны тіркеу жөніндегі ережелерге түзетулер енгізіліпті, - дейді бастмашыл топтың бірі Дәулет Әбілқасымов.Пратияны құру бастамасын көтеріп жүрген Тоғжан Қожалиева партия құру үшін алдымен елдің әр облысы бойынша мыңдаған адамның қолын жинау қажет екенін айтады.
Партия құру үшін алдымен осындай үрдістен өту керек екен, біз оны дұрыс түсінбедік. Яғни, партия әр аймаққа шығып өз қолдаушыларынан қол жинау керек екен. Одан кейін ғана партияны тіркеу жөнінде өтінім бере алады. Мұның барлығы елімізде партия тіркеу мәселесінің күрделі екенін көрсетеді. Мәселен, көрші Ресейде партияны тіркеу үшін 500 қолдаушысы болса жеткілікті. Ал Қырғызстанда 200-ден аса партия тіркелген,- дейді ол.Бастмашыл топ мұнымен тоқтамайтындарын, қанша кедергі болса да партия етіп тіркелеміз деген ойларын білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әскерилер аумақтық қорғаныс оқу-жаттығуына қатысты
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы