Елімізде тағы бір букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылды
Ringobet.kz букмекерлік кеңсесі лицензиясынан айырылды және заң бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекеттік кірістер комитетінің өтініші негізінде Туризм және спорт министрлігі 2024 жылғы сәуірде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, ойын бизнесі саласындағы заңнаманы сақтамағаны үшін Ringobet.kz букмекерлік кеңсесін лицензиясынан айырды.
«Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес, ойын бизнесін ұйымдастырушының бәсті қабылдау сервері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жері бойынша болу керек.
Кезектен тыс тексеру барысында жоғарыдағы заң талаптарын бұған бірнеше факті анықталды. Сонымен қатар букмекерлік кеңсенің қызметі туралы лицензия алған кезде жалған ақпарат берілген.
Осыған байланысты аталған букмекерлік кеңсе «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 464-бабының 1 және 2-тармақтары бойынша жалпы сомасы 849 мың теңге көлемінде айыппұл негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды және букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылды. Министрлік ойын бизнесі және мемлекет мүдделерін қорғау саласындағы құқық бұзушыларды анықтау бойынша жұмысты жалғастырады, - делінген хабарламада.