Елімізде табиғи газ өндіру көлемі азайды
Биыл он айда Қазақстанда ақшалай көлемде 259,9 млрд теңгеге табиғи газ өндірілді, бұл 2021 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға аз, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сүйенсек, есепті кезеңде нақты мәнде 43 366,8 млн/м3 табиғи газ өндірілді, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға төмен. Ілеспе мұнай газ өндірісі 25 777,1 млн/м3 құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,9%-ға аз.
Қазақстанда табиғи газ өндірісімен 4 кәсіпорын айналысады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екі күнде 220-дан астам мал ұрлығы тіркелді
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы