Елімізде төлем карточкаларын пайдалану артып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы жылдары айналыстағы төлем карточкаларының саны және тиісінше қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі жоғары қарқынмен өсуде.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының саны 30,6 млн бірлік болды. Бұл 2019 жылғы осындай көрсеткіштен 43%-ға асады.

2019 жылғы 9 айда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемі екі еседен астам ұлғайып, 8,9 трлн теңгені құрады, - делінген хабарламада.

Қолма-қол ақшасыз транзакциялардың негізгі үлесі банктердің онлайн сервистері арқылы жүргізілді. Бүгінгі күні онлайн сервистерде 18 млн-ға жуық пайдаланушы тіркелді, олардың ішінде 34%-ы операцияларды тұрақты түрде жүргізеді, бұл жағдайды халықтың банктердің қашықтан цифрлы арналарына деген қажеттілігі растап отыр.

Күн сайын онлайн сервистер арқылы 21 млрд теңгеден астам сомаға 1,3 млн-нан астам операциялар жүргізіледі.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы