1 Қараша 2023 2023, 18:13
Фото: rus-img2.com
Елімізде сүт өнімі қымбаттап кетті
Жыл басынан бері Қазақстанда сүт бағасы 20 пайызға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жыл басынан бері Қазақстанда сүт бағасы 20 пайызға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Energyprom.kz мамандары 2023 жылғы 1 қарашада биылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша сүт өнімдері 16,1%-ға қымбаттағанын мәлімдеді.
Өңірлер бойынша баға өсімі:
Батыс Қазақстан облысы: жылына 24,7%-ға.
Қызылорда облысы (плюс жылына 24,3%).
Ұлытау облысы (плюс 23,7%).
Ең аз өсім Алматы облысында тіркелген: 10%.
Мақалада сүт өнімдері қаншалықты қымбаттағаны көрсетілген:
сүт – 20%;
сүт консервілері – 26,4%;
сүзбе – 11,8%;
қатты ірімшік – 10,7%;
ашытылған сүт өнімдері – 15,7%.
Ашытылған сүт өнімдерінің ішінде:
айран 17,5%-ға;
қаймақ – 16,6%-ға;
йогурт – 9,8%-ға қымбаттаған.