Елімізде сирек кездесетін дәрілік шөпті заңсыз қазғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында шекаралық режимді бұзған Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталды.

Көрсетілген адамдар сирек кездесетін өсімдіктерді жинаумен айналысқан. Оларды тексеру барысында өсімдіктерді қазу құралдары мен 2,5 кг-нан астам «сұрғылт түсті сепкілгүл» тамырлары табылды – делінген ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта уәкілетті органдар алынған тамырларға сараптама жасауда. Өсімдіктің түрі расталған жағдайда құқық бұзушылар ҚР ҚК 339-бабы «Сирек кездесетін және жоғалып кетуге жақын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөлшектері мен өнімдерін заңсыз алу» бойынша жауапкершілікке тартылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы