Елімізде SIM-картаны ауыстыру арқылы жасалатын алаяқтық көбейіп келеді

Ақшасын криптовалютаға салып жатқан адамдардың саны күннен күнге өсуде. Оларды цифрлық активтерге инвестициялармен байланысты тәуекелдер де тоқтатпайды. Алаяқтардың назарынан криптовалюта нарығы да тыс қалған жоқ, олар азаматтарды алдау үшін бар ресурстарды пайдаланады. Криптовалютамен байланысты алаяқтықтықтың кең таралған түрлері жөнінде Fingramota.kz айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Криптоалаяқтық деген не? 

Криптовалютамен байланысты алаяқтықтық кез келген басқа қаржылық алаяқтыққа ұқсайды, алайда олардың мақсаты – «фиат ақша» деп аталатын жай ақша емес, цифрлық валюта. Қаскүнемдер адамның криптоәмиянын бұзумен схемалар ойлап табады немесе төлем ретінде алдау арқылы «криптаны» шығаруға тырысады. Мұндай схемалардың айырықша белгісі – криптовалютаны фиат ақшаға тез айырбастау және транзакция жүргізу үшін өзге қосымшаларды пайдалану. Осындай айла-шарғылардың кейбір түрлерін толығырақ қарастырайық. 

Фишингтік айла-шарғы 

Алаяқтар криптовалютамен сауда-саттық жүргізу үшін жалған платформалар жасайды, олардың мақсаты – криптокілттермен бірге есептік жазбаның деректеріне қол жеткізу. 

Криптофишинг – бұл интернет-алаяқтық түрі, онда алаяқтар сіздің криптоәмияныңыздан активтерді есептен шығару басталды деген хабарламалар жібереді. Егер оны сіз жасамаған болсаңыз, онда дереу транзакцияны тоқтату үшін сілтеме бойынша өтіңіз дейді. Сілтеме жалған сайтқа апарады, мұндай сайт инвестордың есептік жазбасының деректерін жинайды. Қажетті дербес және төлем деректері қаскүнемдердің қолына түсе салысымен олар сіздің шоттарыңыздан барлық цифрлық активтерді жымқырады. 

Жалған криптобиржалар мен криптоәмияндар 

Егер сіз әлеуметтік желілерді қолданатын болсаңыз, ерте ме, кеш пе арзан криптовалюталарды жарнамалайтын сайттардың жарнамаларына тап боласыз. Мәселен, олар нарықтағы бағадан 5-15%-ға төмен болуы мүмкін. Хабарландыруларда «сатушылар» сайт арқылы цифрлық активтер сатып алсаңыз үлкен жеңілдік береміз деп уәде береді, алайда мұндай платформалар көп жағдайда жалған болып шығады. 

Жалған криптобиржалар инвестициялардан орасан көп пайда түседі деп қызықтырады және пайдаланушылардан, әдетте, кейіннен неше мәрте «инвестиция құюға» болатындай бастапқы жарна енгізуді талап етеді. Алаяқтар осылайша «ғажап, байлыққа кенелетін өмір» сүресің деп алдайды. Алайда, сіз өз ақшаңызды шығарып алайын деп әрекет жасайын десеңіз, ол мүмкін емес, себебі сіз нақты активтерге емес бос ауаға инвестиция жасадыңыз. 

Жалған крипто-әмиянның сондай-ақ, зиянды бағдарламалық қамтылымы (БҚ) болуы мүмкін. Алаяқтар оны компьютерге зиянды қамтылымдар енгізіп, пайдаланушының криптокілтін немесе паролін ұрлап алу үшін жасайды. 

Жалған қосымшалармен алаяқтық 

Криптовалюталық платформалар – бұл бағдарламалық қамтылымның бір түрі ғана, ал бағдарламалық қамтылым үнемі жаңартуларды қажет ететіні белгілі. Мұны алаяқтар пайдаланады, олар ресми дүкендерде, мысалы, Play Market-те орналастыратын жалған қосымшалар жасайды. 

Оларды жүктеп алып, криптовалюта ұстаушылар өздерінің крипто кілттерін аша алады. Мұндай жалған қосымшаларды ресми дүкеннің әкімшілері тез анықтайды және жояды, алайда олар инвесторларға зиян келтіріп үлгереді. 

SIM-картаны ауыстыру арқылы жасалатын алаяқтық

Бұл – алаяқтықтың ең жаңа түрі. Оның мәні мынада – алаяқ алдымен сіздің SIM-картаңыздың көшірмесіне, одан кейін құрылғының барлық деректеріне қол жеткізеді.

Бұл ақпаратты алаяқ криптоәмиянға, сол сияқты басқа да есептік жазбаларға, оның ішінде мобильдік және интернет-банкингке қол жеткізуге қажетті екі сатылы аутентификация кодтарын алу және қолдану үшін пайдаланады, нәтижесінде бұл жайттан бейхабар инвестор зиян шегеді. 

Инвестициялармен жасалатын алаяқтық – жаппай сатып алып, жоғары бағада сату 

Алаяқтықтың бұл түрінде қаскүнемдер әлеуметтік желілерде жарнама орналастыру және оны пошта арқылы, сондай-ақ мессенджерлерге тарата отырып белгілі бір криптовалютаны немесе токенді (электрондық кілт) айналдырып, ақша жасайды. 

Трейдерлер жедел пайда табу мақсатында криптовалютаны түгел сатып алады, нәтижесінде оның құны күрт өседі. Содан кейін алаяқтар активтерін ең жоғары бағамен сатады, нәтижесінде криптовалютаның құны күрт төмендейді. 

Бұл схемалар көбінесе әлеуметтік желілерде немесе пошта және мессенджерлер арқылы таратудан басталады, сондықтан криптоактивтерден кепілді түрде мол пайда алуды ұсынып сізге бейтаныс адам себепсіз хабарласса, сақ болыңыз. 

Есіңізде болсын: Криптовалюталармен жасалатын кез келген операциялар жоғары тәуекелді, салынған ақшаның сақталуына кепілдік берілмейді!

Криптоалаяқтықтан қалай қорғануға болады?

Цифрлық активтермен байланысты тәуекелдердің жоғары екенін ескере отырып, сақтық шараларын күшейту қажет. Мынадай қарапайым кеңестерді есте сақтаңыз: 

  • Криптоәмиянның кілттерін ешкімге айтпаңыз. Егер сізден инвестициялық мәмілеге қатысу үшін кілт деректерін хабарлауды сұраса, сақ болыңыз, бұл алаяқтар болуы мүмкін.
  • Әлеуметтік желілердегі керемет мол пайдаға кенелуге уәде беретін жарнамаға сенбеңіз.
  • Қажетсіз қоңырауларға жауап бермеңіз. Сіздің крипто-брокеріңіздің немесе кез келген басқа қаржы мекемесінің атынан сізбен кім байланысып тұрғаны маңызды емес. Мекеменің ресми нөмірін тауып, оған өзіңіз қоңырау шалыңыз.
  • Бейтаныс жіберушілердің гиперсілтемелерін немесе жіберген хабарын ашпаңыз.
  • Есептік жазбаларды бөлек ұстаңыз. Крипто-брокерлік шоттар мен әдеттегі банк шоттарын бір-бірімен байланыстырмаңыз.
  • HTTPS хаттамасы бар сайттарды пайдаланыңыз. Үйреншікті HTTP-мен салыстырғанда, HTTPS — криптобиржаның немесе әмиянның URL-мекенжайында сайттың қауіпсіз және шифрланған трафигі бар екенін көрсетеді.

Криптоалаяқтардың құрбаны болмас үшін криптоактивтеріңізге қатысты қосымша сақтық шараларын қолданыңыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: известия
Өзгелердің жаңалығы