Елімізде сібір жарасына қауіп жоқ
Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта АШМ ресми өкілі Олжас Тлебалдин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның мәліметінше, қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде су басу аймақтарынан қауіпсіз учаскелерге 112,5 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары эвакуацияланды.
Өлген мал басы бойынша деректер үнемі жаңартылып отырады, бүгінгі таңда 7 035 өлген мал басы анықталды. Олардың басым бөлігі - ұсақ мал, - деп айтты министрліктің ресми өкілі брифингте.
Республикалық эпизоотияға қарсы отряд облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өлген жануарларды жинау және жою жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Еске салайық, топырақта сібір жарасы спорасының болуына жүргізілген талдау теріс нәтиже көрсетті. Бүгінде су басқан аймақтардағы эпизоотиялық жағдай тұрақты және Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында, - деп түсіндірді Олжас Тлебалдин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда не себепті лай көшкіні болды
Өзгелердің жаңалығы