Елімізде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1693 жұмыс беруші бар

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын іске асыру туралы брифинг барысында Көші-қон комитеті төрағасының м.а. Ілияс Испанов айтты.

Жұмыс берушілерде 407 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% -ы. Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 262 адам (37%), тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 441 адам (10%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 143 адам (8%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 979 адам (7%), өңдеу өнеркәсібі – 883 адам (7%),-дейді Ілияс Испанов.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер де белгілі болды. Солардың ішінеде Қытай – 3 493 адам, Үндістан – 1 712 адам, Түркия – 1 483 адам, Өзбекстан – 1 461 адам, Ұлыбритания – 1 143 адам келіп жұмыс істейді.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбекмин жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілеп оны бөледі. Солардың ішінде үй шаруашылығында еңбек иммигранттарын тартуға 2023 жылы бекітілген квота саны 296 720 болса, 1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдармен 50 388 рұқсат берілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы