Елімізде заңсыз медициналық қызмет көрсеткен шетел азаматтарының ісі тергеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.   ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Алматы қаласы тұрғынының шағымы бойынша «Private clinic Almaty» («Приват клиник Алматы») ЖШС-ны жоспардан тыс тексерді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, арыз иесі клиника «Микротия. Есту жолының толық атрезиясы» диагнозы қойылған баласына медициналық көмекті сапасыз көрсетті деп шағымданған.

«Тексеру барысында шетелдік азаматтар Ашеш Бхумкар мен Гаятри Патанкардың клиникалық практикаға міндетті рұқсаты болмаса да, заңсыз медициналық қызмет көрсеткені анықталды. Қазақстанға шетелдік мамандарды заңсыз тарту және олардың ел аумағында рұқсатсыз қызмет етуіне қатысты барлық материал құқық қорғау органдарына жіберілді»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, осы клиникада жұмыс істеп жүрген бірқатар отандық дәрігер-оториноларинголог және анестезиолог-реаниматологтың клиникалық практикаға рұқсаты жоқ болып шықты. Осыған байланысты медициналық қызметкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, басқа да заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, балаға операциялық-анестезиологиялық қауіп-қатерді ескермей, инфекциялық қауіпсіздік ережелерін бұзып, операция жасалған. Балаға «Микротия және атрезия» жергілікті қоғамдық бірлестігі мен ЖШС арасындағы 04.06.2019 жылғы мастер-класс ұйымдастыру туралы шарт, сондай-ақ, өтініш беруші мен «ICRO реконструктивтік Оториноларингология халықаралық орталығы» ЖШС арасындағы шарт негізінде медициналық қызмет көрсетілген.

«ICRO Қайта құру Оториноларингология халықаралық орталығы» ЖШС директоры пациентке көрсетілген медициналық қызмет үшін төленген ақшаның фискалдық чегін бермеген.

Қазір «ICRO халықаралық реконструктивтік Оториноларингология Орталығы» ЖШС-ға тексеру басталған жоқ, өйткені ЖШС көрсетілген мекенжайы тұрғын үйдегі пәтер болып шықты және баспанаға кіру мүмкін болмай отыр.

Жалпы жоспардан тыс тексеру нәтижесінің барлық материалы ҚР Бас прокуратурасына, ҚР Ішкі істер министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Білім және ғылым министрлігіне, Қаржы мониторингі комитетіне (Экономикалық тергеу қызметі), ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы