Елімізде сайлаудан кейін қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Бүгін Астанада «Ашық саясат» сараптамалық клубы «Сайлаудан кейінгі кезеңде өкілдік биліктің күшеюі: проблемалар мен перспективалар» тақырыбында талқылау өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тарих ғылымдарының кандидаты, сарапшы Арман Ешмұратов сайлаудан кейін депутаттардан не күтуімізге болатынын пайымдады. 

Біздің бүгінгі таңда саяси партиялардың белсенділігін көріп отырмыз. Меніңше, Мәжіліске 7 партияның кем дегенде 4 партия өтеді. Өздеріңізге мәлім, облыстық мәслихаттар 50 пайыз партия тізімінен, 50 пайызы мажоритарлық жүйемен сайланады. Сондықтан алдағы уақытта жергілікті өңірлерде өзін-өзі басқару жүйесі дамиды, - деді сарапшы.

Спикердің айтуынша, Мәжіліс сайлауынан кейін өзгерістер тез келеді. Қоғам берген уәделерін жіті бақылайтын болады. Қазіргі таңда сайлаудың насихатын одан әрі көбейту керек.

Ол сайлаудан кейін Парламентте бәсекелестік жалғасатынын атап өтті. 

Менің ойымша, кім жүйелі жұмыс атқарады сол партия бірден көзге түседі. Қазіргі таңда кандитаттар саны көбейді. Әр адам кандидаттардың бәрін бірдей танып жатқан жоқ. Халық шатасып жатыр десемде, артық айтпаймын. Сол себепті дәстүрлі насихаттан бөлек, жаңа үгіт-насихат жолдарын қарастырумыз қажет, - деді Арман Ешмұратов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы