Елімізде сайлау комиссияларының құрамы жаңартылды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанда бұған дейін құрылған сайлау комиссияларының бес жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты биыл 10202 сайлау комиссиясының құрамы жаңадан бекітілді. 

Бұл туралы бүгін Астанада Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев өткізген ОСК кеңейтілген отырысында айтылды.

ОСК есепті сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Дәурен Ысқақовтың сөзінше, елде 232 аумақтық және 9970 сайлау учаскесі бойынша сайлау комиссиялары құрылған. Олардың құрамы 40,5 пайызға жаңартылған. 2014 жылмен салыстырғанда сайлау комиссияларының саны 3105-ге азайған. Сайлау заңына кейінгі енгізілген өзгертулерге байланысты аудандық сайлау комиссияларының құрамы қалыптаспаған. Аудандық комиссиялардың құрамы (5-тен 11 адамға дейін) сайлаушылар санына байланысты анықталмақ.

Сайлау комиссиялары мүшелерінің 66,4 пайызының жоғары білімі бар, орташа жасы - 43,8 жас. Сайлау комиссиялары құрамындағы әйелдер саны бұрынғыдан 66,8 пайызға көбейген. Комиссия мүшелерінің 68,7% алты саяси партияның, 29,9% - қоғамдық бірлестіктердің, 1,4% - жоғары тұрған комиссиялардың ұсыныстары бойынша сайланған.

Тізімде ТМД миссияларының, ЕҚЫҰ / ДИАҚБ құрамында және Молдовадағы Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен сайлау бақылауына қатысатын 9 бақылаушы бар.

Сонымен қатар, Парламентаралық Ассамблеясынан Қазақстан парламентінің 4 өкілі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің делегациясы құрамында, 1 - ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы делегациясының құрамында сайлау бақылауына қатысады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы