Елімізде сұранысқа ие мамандықтар белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ. HeadHunter зерттеу орталығы 2019 жыл бойынша еңбек нарығының қорытындысын шығарды. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.

Зерттеу орталығының мәліметінше, 2019 жылы бос жұмыс орындарының саны 2018 жылмен салыстырғанда 1,68% өскен. Ал hh.kz сайтында жұмыс іздегендер саны 2,3 миллион адамға жеткен.

Қазақстан еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандықтар көшін сатушылар (18,2%) бастап тұр, есеп жүргізу, басқару есебі мен қаржыгерлер (8,3%), әкімшілік персонал (7,2%), ақпараттық технология және телеком (6,5%), сондай-ақ банк, инвестиция мен лизинг (6,5%) саласынынң мамандарына да сұраныс жоғары.

Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қаласы бос орындарды жариялау бойынша алда тұр. Сонымен қатар Атырау, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе және Орал қалалары бос орындарды жиі жариялайтын қалалар қатарында.

HeadHunter зерттеу деректеріне сүйенсек, 2019 жылы ең көп сұралған жалақы көлемі 120 мыңнан 180 мың теңге аралығында болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы