Елімізде Рождество көпшілікпен аталып өтпейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Республикада Төтенше жағдай режимінің жариялануына байланысты 7 қаңтарда Рождество мейрамы аталып өтпейді.
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлімдеді.
Қазақстанның бүкіл аумағында Төтенше жағдай жарияландуына байланысты бұқаралық іс-шаралардың бәрі, соның ішінде, ғибадат ғимараттарында өтетін (мешіт, шіркеу, синагога, мінәжат үйлері) діни рәсімдер мен жоралғылардың да уақытша тотатылды. Сонымен қатар 7 қаңтар күні атап өтілетін Православ қауымының діни мейрамы - Рождество кезінде де аталған шектеулерді сақтауға және түсіністік танытуға шақырады, - делінген министрліктің хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы