Елімізде рекрутинг агенттіктерінің қызмет көлемі 7% өсті
2023 жылғы қаңтар-наурызда халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілген қызмет көлемі 123,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көлемі 7% өсті. Оның ішінде 1,2 млрд теңгенің қызметін немесе барлық көлемнің 1% жеке кәсіпкерлер, қалғанын кәсіпорындар көрсеткен. Жалпы кадрлық қызметтердің 4,2%, яғни 5,2 млрд тг ауылдық жерлерде көрсетілген.
Қызметтердің басым бөлігі Атырау (91,8 млрд тг), Маңғыстау (6,3 млрд тг) және Батыс Қазақстан облыстарында (5,1 млрд тг) көрсетілген. Қызметтердің ең аз көлемі Солтүстік Қазақстан облысында – 58,9 мың теңге.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскеменде есірткі саудасымен айналысқан елорда тұрғыны ұсталды
Өзгелердің жаңалығы