Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі 16,9% артты

2025 жылғы қаңтар-наурызда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 16,9% өсіп, 1 014,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен 90% жеке құрылыс компаниялары, 8,2% – шетелдік, 1,8% мемлекеттік мекемелер орындаған. 

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 7,4% артты.

2025 жылғы қаңтар-наурызда білім беру мен денсаулық сақтау саласында 36 мектеп, мектепке дейінгі 7 ұйым және амбулаториялық-емханалық 6 мекеме пайдалануға берілді.

2025 жылғы қаңтар-наурызда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 27,2%), автомобиль, теміржолдары және метро (17,9%) және тұрғын үйлердің (13,5%) құрылысы алады.

  

Ұлттық статистика бюросы

Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі

Ұлттық статистика бюросы
Ұлттық статистика бюросы

Динамикалық кестелер:

Айлар бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі

Аумақтық бөлінісінде республиканың он жеті өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Маңғыстау облысы (2,4 есе), Астана қаласында (81,6%), Ақмола (79,2%), Қостанай (66,5%), Түркістан (57,4%), Қызылорда (51,3%), Алматы (46,3%), Жетісу (39,8%), Павлодар (32,7%), Солтүстік Қазақстан облыстарында (28,8%) және Шымкент қаласында (27,2%) байқалады.

Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы

 Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттарСоның ішінде салушылармен
Ұлттық статистика бюросы

2025 жылғы қаңтар-наурызда білім беру және денсаулық сақтау саласында 49324 оқу орнына арналған 36 жалпы білім беретін мектеп, 1304 орынға арналған 7 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 230 келіп-кетушіге арналған 6 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

Ұлттық статистика бюросы
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - Архив
Өзгелердің жаңалығы