Елімізде құрылыс саласының мамандары оқытылып жатыр

ҚазҚСҒЗИ базасында құрылыс мамандықтарының инженерлері институттың білікті мамандарынан білім алып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заманауи технологиялар, озық материалдар және цифрландыру. Бүгінгі құрылыс саласы осындай қарқынмен өзгеріп жатыр. Демек перспективалы жобаларды орындау кезінде соған лайықты білікті мамандар қажет.

Бұл курс 3-5 күнге есептеліп, ғылыми-техникалық материалдармен бірге сүйемелденеді. Оқыту бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының құрылыс саласының негізгі бағыттары, атап айтқанда ғимараттар мен құрылыстарды жобалау мен салу бойынша Еурокодтарға ұқсас ҚР ЕО БК құрылыс нормаларын қолдану қарастырылған. Сонымен қатар мамандар «Жер сілкінісіне төзімді құрылыс негіздері» бағытын зерттеп жатыр, - деп жазды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Оқуды аяқтағаннан кейін «ҚазҚСҒЗИ» АҚ тыңдаушыларды аттестаттаудан өткізіп, тиісті куәліктерді тапсырады. Айта кетейік, 2023 жылдың басынан бері 300-ге жуық маман даярланды.

Бұл оқыту бағдарламалары құрылыс сапасын жаңа деңгейге көтеруге және құрылыс нысандарында жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті арттыруға септеседі деп көзделген. Оқыту тұрақты негізде жүргізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ИИДМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы