Елімізде құрылыс объектілерін бақылайтын заң әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Министрдің сөзінше, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың инвестицияларының қатысуымен бір ғана объектілердің құнын арттыруды болдырмау үшін мемлекеттік сараптама порталында онлайн-калькулятор (epsd.kz) енгізе отырып, құрылысқа жұмсалатын шығындардың шекті лимиттері белгіленді. 

Бірегей сметалық бағалар, сметалық бағалардың анықтамалары әзірленеді. Бұл өңірлер бойынша сол бір объектілерді салу құнының ауытқуын, сондай-ақ жобалау және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау кезеңдерінде жобалардың сметалық құнының артуын болдырмайды, - деп айтты Қайырбек Өскенбаев.

ИИДМ басшысының айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарын шағымсыз тексеру мүмкін емес және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары объектілерді пайдалануға қабылдауға қатыспайды. Құрылыс салушылар бақылаудың нашар екенін байқап отыр, сондықтан объектілер құрылыс кемшіліктерімен пайдалануға қабылданады.

Мемлекеттік бақылауды күшейту үшін мынадай шұғыл шараларды қамтитын заң жобасы әзірленді:

1. Аумақта құрылыс салуды сапасыз жоспарлауды болдырмау мақсатында қала құрылысы сараптамасын енгізу;

2. Құрылыстың барлық кезеңдерінде объектілерге жоспарлы бақылауды енгізу және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысуы;

3. Пайдаланылатын материалдар мен орындалған жұмыстардың сапасына зертханалық және техникалық тексеру жүргізу үшін тәуелсіз мемлекеттік зертханалық қызметті құру.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы