Елімізде құрылыс материалдарының бағасы қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың басынан бері құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялардың бағасының өсімі 1% құрады. Бұл туралы ҚР Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
2019 жылғы тоғыз айда ғаныш картонның бағасы 5,4%, қыш тақтайшалар мен тақталардың – 4,2%, цементтің – 3,5%, табақты шынының – 2,3%, битумның – 2,2%, ағаш материалдарының – 2%, құмның және шағылдың – 1,5%-дан өсті.
Әк 6,3%, бояулар мен эмальдар – 3,7%, құрылыс ертінділері – 0,9%, линолеум – 0,5% арзандады.
Фото: stat.gov.kz
Фото: stat.gov.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы