Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты тоғыз тас жол ішінара жабылды

2023 жылы 21 желтоқсанда сағат 20.00-дегі жағдай бойынша, еліміздің төрт облысындағы республикалық маңызы бар тас жолдардың 9 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, боран соғып, айналаның көріну деңгейінің күрт төмендеуіне байланысты Жетісу облысында "Үшарал-Достық" тас жолының 84-184 шақырым аралығы, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін - 100 км.

Ақмола облысында боран соғып, көктайғақтың болуы, айналаның көріну деңгейінің күрт төмендеуіне байланысты екі жол учаскесі жабылды:

  • "Екатеринбург-Алматы" тас жолы,1292 - 1353 км, Жібек Жолы ААБ. учаскесінен Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км;
  • "Астана-Қабанбай батыр – Нұра-Теміртау" тас жолы, 37-51 км, Қабанбай батыр ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін – 14 км.

Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдардың 5 учаскесі жабылды:

  • "Екатеринбург-Алматы" тас жолы, 1353-1426 км, Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ААБ-ға дейін - 73 км.;
  • "Екатеринбург-Алматы" тас жолы, 1505-1610 км, Новостройка ауылынан Ақсу, Аюлы ауылдарына дейін – 105 км.
  • "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" тас жолы, 51-101 км, Ақмола облысының шекарасынан Нұра ауылына дейін - 50 км.
  • "Қызылорда-Павлодар" тас жолы, 788-906 км, Ұлытау облысының шекарасынан Топар ауылына дейін - 118 км.
  • "Екатеринбург-Алматы" тас жолы, 1610-1855 км, Ақсу, Аюлы ауылдарынан – Балқаш қаласына дейін - 245 км.

Ұлытау облысында "Қызылорда-Павлодар" тас жолы, 756-788 км, Жаңаарқа ауылынан Қарағанды облысына дейін - 32 км. автокөліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "Қазавтожол" ҰҚ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы