Елімізде қоғамдық талқылауда әйелдердің үлесі аз – Жібек Ахметова
Алматыда 5-ші "ЕО-Орталық Азия азаматтық қоғам форумы" өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шарада цифрлық трансформация, климаттың өзгеруі және әйелдердің құқықтары жөнінде сөз қозғалды.
Бұл форумда төрт негізгі бағыт айқындалған. Мен соның ішінде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту тақырыбы жайлы айта кетсем. Елімізде сайлау, қоғамдық талқылауға қатысу мүмкіндіктерін әлі де күшейту қажет деп ойлаймын. Бізде сайлау заңына сәйкес 30%-дың ішіне мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, әйелдерді, жастарды бәрін қосып жіберген. Сараптап қарасақ, парламент, мәслихат, аудандық париялардың құрамында әйелдердің үлесі аз екенін көруге болады. Әйел адамдардың мәселесін әйел адамдар көтереді. Сол себептен әйелдерге арнайы квота бөлінуін қарастырса деп айтар едім. Соның ішінде өңірлік жерлерде,- дейді "Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы" директоры Жібек Ахметова.
Ол сондай-ақ елімізде цифрлы даму қарқынды жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтті.
Форум барысында Тәжікстан, Өзбекстан сынды әріптестерімен тілдесіп отырып, елімізде цифрлық даму жоғарғы деңгейде жүріп жатқана көзім жетті. Дегенмен бұл үдерістің қоғамға кері тұсы да тиіп жатқанында көруге болады. Әлеуметтік желілерде шығып жатқан ақпараттарды оқырмандар сараптап, оны қаншалықты дұрыс пайдалану, фактчекинг механизімдерін жүзеге асырмайтынын көруге болады,- деді Жібек Ахметова.