COVID-19: Елімізде қайтыс болғандар саны 73-ке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінен тағы бір науқас көз жұмды. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады. 

Павлодар облысында коронавирус індетінен 1 науқас көз жұмды. 1942 жылы туған әйел адам, - делінген хабарламада. 

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Бұған дейін Қазақстанда тағы екі науқас көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан бойынша барлығы 73 адам қайтыс болды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы