Елімізде қауіпсіздік талабын өрескел бұзған 733 кәсіпорын жұмысын тоқтатты

Бақылау-қадағалау қызметі аясында авариялар мен оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында 2022 жылы 2 450 тексеріс жүргізілді. Бұл туралы ТЖК Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бақылау-қадағалау қызметі аясында авариялар мен оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында 2022 жылы 2 450 тексеріс жүргізілді, оның ішінде ерекше тәртіп бойынша 1 355 тексеру  және 1 095 жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 38 277 нысан тексерілді, - деді ТЖК өкілі ОКҚ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, тексеру қорытындысы бойынша бәрі - 34 617 өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылық  анықталып, 254 млн теңгеден астам сомаға 1 708 әкімшілік айыппұл  салынды.

Сондай-ақ Нығмеджан Мақажанов адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірген және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған 733 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылғанын айтты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы