Елімізде қаңтардағы ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау тағы ұзартылды

Өтініштерлді қабылдау уақыты 6 қаңтардан 9 қаңтарға дейін ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ғылым және жоғары білім министрлігі 8 қаңтарда сағат 17.00-де қаңтардағы ұлттық бірыңғай тестілеуге қосымша орындар бос болатындығын жазды.

Сонымен қатар, ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау, 11 қаңтарды қоса алғанда, жалғасады, – деп жазылған хабарламада.

2024 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау 6 қаңтарда аяқталуы керек еді, бірақ бұл күні ол 9 қаңтарға дейін ұзартылды.

Тестілеу 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Қаңтардағы ҰБТ-2023 бағасы – 4230 теңге. Тіркелу кезінде тестілеушілер күнді, уақытты және орынды таңдайды.

Қаңтардағы ҰБТ-ға келесілер қатыса алады:

жазғы тестілеу нәтижелері бойынша шекті баллға қол жеткізе алмаған және ЖОО-ның күндізгі бөліміне ақылы негізде оқуға шартты түрде қабылданғандар;

Шығармашылықтан оқытудың басқа бағыттарына ауысқысы келетін университетте оқитын студенттер;

ақылы негізде оқытудың педагогикалық бағыттарына ауысқысы келетіндер;

мектептердің түлектері қалауы бойынша ақылы негізде ЖОО-ға түсу үшін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы