Елімізде қаңтарда тұрғын үй бағасы қалай өзгерді?

Елімізде қаңтар айында тұрғын үйді сату және жалға алу құны өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бір жылда (2023 жылғы қаңтар 2022 жылғы қаңтарға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағаcы – 18,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қаңтарда 34,3% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтерлер нарығында жылдық мәнде баға едәуір Ақтау – 28,2%, Ақтөбе – 25,4%, Петропавл – 20,9% қалаларында өсті. Қолданыстағы пәтерлер саудасы нарығында Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%), Қостанай (31%) қалалары көп бастап тұр. Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы қалаларында (50,7%) жоғары өсім көрсеткен, – делінген хабарламада.

Бір айдың ішінде (2023 жылғы қаңтар 2022 жылғы желтоқсанға) жаңа тұрғын үйді сату бағасы – 0,7%, қолданыстағы пәтерлер саудасындағы баға 0,3% өсті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: turkystan.kz
Өзгелердің жаңалығы