Елімізде қант тапшылығы жоқ - Сауда комитеті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев айтты.

Қант қоры жеткілікті. Әріптестеріміз, Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, қазіргі таңда бізде 67 мың тонна қант қоры бар. Бұл халықтың сұранысын толық қанағаттандырады. Күнделікті қант жеткізу процесі орындалып жатыр. Біз ЕЭК шеңберінде қосымша 100 000 тонна квота алдық. Еліміздегі үш қант зауыты толықтай жұмыс істеп тұр,- деді комитет төрағасы журналистерге берген жауабында.

Ол республика бойынша қант қоры жеткілікті екенін атап өтті.

Қантқа байланысты еліміздің кейбір аймақтарында таралып жүрген бейнероликтерді көрдім. Бірақ уайымдаудың жөні жоқ екенін айтқым келеді. Қантты сауда дүкендеріне жеткізу тұрақты түрде жүріп тұр. Мүмкін кейбір сауда желілері мен нысандарында жеткізілім аздап тоқтап қалуы мүмкін. Бүгінгі таңда еліміздің барлық ірі сауда орындарында қант тапшылығы жоқ, қант қоры жеткілікті және тұрақты түрде жеткізіліп жатыр , - деді Ержан Қазанбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы