Елімізде қанша шетелдік азамат еңбек етеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті.

Бүгінгі таңда шетелдік жұмыс күшін тарту 24 мың жұмысшыны құрап отыр. Біз 28700 жұмысшыдан 4700 адамға дейін қысқарттық. Бұл бұйрық биыл ақпан айында қабылданды, -деді Біржанов орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, шетелдік жұмысшылардан басқа үй шаруашалығын жүргізу үшін оңтүстікте орналасқан шекаралас мемлекеттерден де жұмыс күші тартылады.

Олардың саны бүгінгі таңда 240 мыңды құрайды. Алайда жұмысшы сандары жылдан жылға азайып келеді. Мәселен, соңғы жылдары 400 мыңнан  240 мыңға дейін азайған, - деді  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы