Елімізде қанша мектеп 70 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқаны анықталды

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында апатты мектептердің мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

37 апаттық мектептің мәселесі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында толық шешіледі. Бірақ біздің елде 500 мектеп 70 жылдан артық жұмыс істеп келеді,  - деп айтты вице-министр.

Айтуынша, үшауысымды мектептер проблемасы халық көп шоғырланған қалаларда бар.

Астана және Алматы, Шымкент қалаларында, Түркістан және Алматы облыстарында үшауысымды мектеп мәселесі бар, - деп айтты Каринова кеңейтілген алқа отырысында.

Шолпан Каринова министрлік үш жыл ішінде бұл мектептердің мәселесін шешуді жоспарлап отырғанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы