Елімізде қанша күн және жел электр стансасы бар

Энергетика министрлігі еліміздің аумағында жұмыс істеп тұрған жаңартылатын энергия көздері нысандарына қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның агенттік ресми сауалына берген жауабына сәйкес, еліміздің аумағында жиынтық қуаты 2 883,54 МВт болатын 146 жаңартылатын энергия көзі (100 кВт-тан жоғары) нысаны жұмыс істеп тұр:

— 59 жел электр стансасы, жиынтық қуаты — 1 409,55 МВт;
— 45 күн электр стансасы; жиынтық қуаты — 1 202,61 МВт;
— 39су электр стансасы, жиынтық қуаты — 269, 605 МВт;
— 3 биогаз электр стансасы, жиынтық қуаты 1,77 МВт.

Жел электр стансалары Абай (қуаты 129,7 МВт 7 нысан), Жетісу (қуаты 100 МВт 2 нысан), Алматы (қуаты 146,5 МВт 10 нысан), Ақмола (қуаты 441,35 МВт 18 нысан), Жамбыл (қуаты 175,65 МВт 10 нысан), Солтүстік Қазақстан (қуаты 5,5МВт 2 нысан), Атырау (қуаты 52,8 МВт 1 нысан), Маңғыстау (қуаты 15,9 МВт 4 нысан), Қостанай облыстарында (қуаты 98 МВт 2 нысан), Ақтөбе (қуаты 96,45 МВт 3 нысан) орналасқан.

Ал күн электр стансалары Абай (қуаты 30 МВт 1 нысан), Жетісу (қуаты 4,95 МВт 1 нысан), Ұлытау (қуаты 10 МВт 1 нысан), Алматы (қуаты 160,366 МВт 6 нысан), Қарағанды (қуаты 270,77 МВт 6 нысан), Ақмола (қуаты 100 МВт 1 нысан), Жамбыл (қуаты 250,5 МВт 5 нысан), Қызылорда (қуаты 88,9 МВт 6 нысан), Түркістан (қуаты 263,11 Мвт 14 нысан) және Маңғыстау облыстарында (қуаты 2 МВт 1 нысан) жұмыс істеп тұр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: turaninform.kz
Өзгелердің жаңалығы