Елімізде қанша екінші деңгейлі банк жұмыс істейді?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан банк секторының 2024 жылғы 1 қазандағы жай-күйі туралы баяндап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 11 банк шетелдік қатысумен, 8 еншілес банктер.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша банк секторының активтері көбінесе банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражатының және салымдарының өсуі есебінен ағымдағы жылғы қыркүйекте 0,5%-ға немесе 268 млрд теңгеге ұлғайып, 58,1 трлн теңге болды (2024 жылдың басынан 13,0%-ға немесе 6,7 трлн теңгеге өсу).

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 17,7 трлн теңгені немесе жиынтық активтердің 30,4%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2024 жылғы қыркүйекте 1,2%-ға 31,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан 12,9%-ға өсу). Экономикаға берген кредиттер құрылымында 2024 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша ұлттық валютада берілген кредиттер 1,1%-ға 28,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды, валюталық кредиттер 2,4%-ға 2,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер 2024 жылғы қыркүйекте негізінен айналым қаражатын сатып алуға берілген қарыздардың 0,7%-ға 4,5 трлн теңгеге дейін және инвестициялар мен бағалы қағаздардың 0,7%-ға 3,1 трлн теңгеге дейін ұлғаюы есебінен 0,8%-ға 12,1 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан 7,4%-ға немесе 830 млрд теңгеге өсу).

Бұл ретте ірі бизнеске берілген кредиттер 2024 жылғы қыркүйекте телекоммуникация, құрлық көлігі және электр энергиясымен жабдықтау саласындағы ірі қарыз алушылардың мерзімінен бұрын өтеу практикасын жалғастыруына байланысты 0,5%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін төмендеді.

ШОБ қарыздары бір айда негізінен тамақ өнімдерін өндірумен, бөлшек саудамен (оның ішінде автомобильдермен), құрылыспен айналысатын кәсіпорындарға кредит беру есебінен 1,1%-ға 5,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Дара кәсіпкерлерге берілген кредиттердің өсу қарқынының ұлғаюы байқалады, 2024 жылғы қыркүйекте олардың кредиттері 2,1 трлн теңгеге дейін 2,5%-ға ұлғайған (2024 жылдың басынан 34,2%-ға немесе 534 млрд теңгеге өсу). Бұл негізінен бөлшек сауда саласында жұмыс істейтін және тұру және тамақтану қызметтерін ұсынумен айналысатын ДК-ға берген қарыздардың өсуіне байланысты болды.

Салалар бойынша 2024 жылғы қыркүйекте кредиттердің өсуі көлік, ақпарат және байланыс салаларын қоспағанда, барлық дерлік салаларда байқалады. Өнеркәсіпте кредиттер 3,9 трлн теңгеге дейін 2,1%-ға (2024 жылдың басынан 17,3%-ға өсу), саудада – 3,2 трлн теңгеге дейін 1,4%-ға (2024 жылдың басынан 8,3%-ға өсу), ауыл шаруашылығында – 501 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға (2024 жылдың басынан 10,2%-ға өсу), құрылыста – 636 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға (2024 жылдың басынан 7,4%-ға өсу) өсті. Жоғарыда айтылғандай жекелеген қарыз алушылардың мерзімінен бұрын өтеуіне байланысты ақпарат және байланыс салаларындағы бизнес субъектілеріне берілген кредиттер портфелінің 130 млрд теңгеге дейін 21,4%-ға (2024 жылдың басынан бастап 36,8%-ға төмендеу), көлік саласында 797 млрд теңгеге дейін 2,8%-ға (2024 жылдың басынан бастап 2,9%-ға төмендеу) төмендеуі байқалады. Жоғарыда атап өтілгендей, ақпарат және байланыс салаларындағы бизнес субъектілеріне кредиттер портфелінің 130 млрд теңгеге 21,4%-ға (2024 жылдың басынан бастап 36,8%-ға төмендеу), көлік саласында 797 млрд теңгеге дейін 2,8%-ға (2024 жылдың басынан бастап 2,9%-ға төмендеу) төмендеуі осы салалардағы жекелеген қарыз алушылардың несиелерді мерзімінен бұрын өтеуі аясында орын алады.

2024 жылғы қыркүйекте бизнес субъектілеріне 1,6 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,2%-ға артық. Бұл ретте 2024 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 12,7 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,6%-ға артық. Сақталып отырған жоғары мөлшерлемелер аясында бизнес субъектілері негізінен айналым қаражатын толықтыруға қарыздар тартты.

2024 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа өлшенген мөлшерлемесі 20%-ға дейін (2024 жылғы тамызда – 19,6%), негізінен жеке кәсіпкерлерге кредиттер бойынша мөлшерлемелердің бір ай бұрынғы 28,8%-дан 31,8%-ға дейін өсүі есебінен ұлғайды. ШОБ және ірі бизнес субъектілеріне кредиттер бойынша ставкалар 2024 жылғы тамыз деңгейінде сақталып, тиісінше 18,2% және 16,9% құрады.

Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы қыркүйекте 1,5%-ға ұлғайып, 19,5 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан бастап 16,6%-ға өсу). Банктердің бөлшек портфелінің құрылымында тұтынушылық қарыздар 1,6%-ға 12,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

2024 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша банктердің ипотекалық портфелі 5,8 трлн теңгеге дейін 1,2%-ға өсті. Бұл ретте 2024 жылдың 9 айында жаңа ипотекалық қарыздар беру шамамен 1,4 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,0%-ға артық.

Жаңа ипотекалық кредиттерді беру құрылымында нарықтық кредиттеудің оң серпіні жалғасуда – жыл басынан бері нарықтық шарттарда 498,2 млрд теңгеге ипотекалық кредиттер берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 42,5%-ға артық. Бұл ретте жеңілдікті ипотекалық кредиттер 875,8 млрд теңгеге берілді.

2024 жылғы қыркүйекте халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа өлшенген мөлшерлемесі негізінен тұтынушылық қарыздар бойынша мөлшерлемелердің 19,7%-дан 20,6%-ға дейін ұлғайту есебінен 20,1%-ға (2024 жылғы тамызда – 19,0%) дейін өсті.

Банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, 01.10.2024 ж. кредиттік портфельдің жалпы көлемінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі 3,2%-ды немесе 1,0 трлн теңгені (01.01.2024 ж. – 2,9% немесе 864 млрд теңге) құрап, бір ай бұрынғы 3,1%-дан ұлғайды. 01.10.2024 ж. халықтың кредиттері бойынша NPL90+ қарыздардың үлесі 3,9%-ды немесе 759 млрд теңгені құрады (01.09.2024 ж. – 3,9% немесе 740 млрд теңге, 01.01.2024 ж. – 3,4% немесе 575 млрд теңге), ал бизнеске берілген кредиттер бойынша – 2,3% немесе 315 млрд теңге (01.09.2024 ж. – 2,2% немесе 300 млрд теңге, 01.01.2024 ж. – 2,3% немесе 289 млрд теңге).

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 69,6%-ды құрап, тұрақты болып сақталуда (01.01.2024 ж. – 75,9%).

Банк секторының міндеттемелері 2024 жылғы қыркүйекте негізінен заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары мен салымдарының, сондай-ақ басқа банктерден алынған ұзақ мерзімді қарыздардың өсуі есебінен 0,1%-ға 49,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 11,8%-ға немесе 5,3 трлн теңгеге өсу). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымында негізінен банктердің жиынтық міндеттемелерінің 77,5%-ын немесе 38,6 трлн теңгені құрайтын клиенттердің салымдары бар.

2024 жылғы қыркүйекте депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері негізінен теңгемен депозиттердің 1,6%-ға немесе 458 млрд теңгеге 28,9 трлн теңгеге дейін ұлғаюы аясында 1,4%-ға 36,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Валюталық депозиттер 0,9%-ға немесе 66 млрд теңгеге 7,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Депозиттерді долларландыру деңгейі 01.10.2024 ж. жоғары базалық мөлшерлеме және валюталық депозиттер бойынша төмен мөлшерлемелер аясында 21,4%-ды құрап, төмендеуді жалғастыруда (2023 жылғы қыркүйекте – 25,0%).

Заңды тұлғалардың депозиттері 2024 жылғы қыркүйекте негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 2,3%-ға 12,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюы нәтижесінде 2,2%-ға 16,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жеке тұлғалардың депозиттері 0,9%-ға 20,6 трлн теңгеге дейін өсті.

Ақша-кредит жағдайларын сақтау нәтижесінде банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2024 жылғы тамыздағы 13,1%-дан қыркүйекте 13,2%-ға дейін, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 2024 жылғы тамыздағы 13,5%-дан 13,4%-ға дейін төмендеді.

Банктердің меншікті капиталы 2024 жылғы қыркүйекте 2,6%-ға 8,3 трлн теңгеге дейін негізінен бөлінбеген таза пайданың және әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтерінің ұлғаюы нәтижесінде ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 20,3%-ға немесе 1,4 трлн теңгеге өсу). 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 20,1%-ды (01.01.2024 ж. – 19,2%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 22,0%-ды (01.01.2024 ж. – 21,5%) құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте банктердің таза пайдасы 1,9 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,3%-ға артық. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 4,6%-ды (01.10.2023 ж. – 4,8%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 33,4%-ды (01.10.2023ж. – 38,0%) құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Өзгелердің жаңалығы