Елімізде қалдықтар бойынша жеке заң әзірлене ме?

Бұл сұрақты IX Еуразиялық жаңартылатын энергия және қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі бизнес форумда Мәжіліс депутаты Ажар Сағындықова көтерді. БАҚ өкілдері бизнес форум кулуарында бұл сұраққа қатысты Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиевтың пікірін білді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.    

Ол қазір Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша радиоактивті қалдықтардан басқа барлық қалдық түрлерін басқару бойынша тұжырымдама әзірленіп жатқанын айтты.

Бұл тұжырымдаманы Экология министрлігі барлық мүдделі тараптардың қатысуымен дайындап жатыр. Соның ішінде бизнес қауымдастықтар мен депутаттар да қатысып жатыр. Қыркүйекке дейін тұжырымдама жобасы дайындалып, талқылауға шығарылады. Егер тұжырымдамада жеке заң қажет екені нақты көрсетілсе, заң дайындалады. Бұл мәселені тұжырымдаманың өзі шешеді, - деді вице-министр.  

Ол сондай-ақ “жасыл салық” енгізу мәселесі жөнінде де жауап берді.

“Жасыл салық” мәселесіне келсек, бұл – өте күрделі мәселе. Белгілі бір өнімге қандай мөлшерде салық салынатынын айту үшін кең ауқымды макроэкономикалық талдау қажет, - деді Жомарт Әлиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы