Елімізде психологиялық-медициналық кеңес беретін кабинеттер саны 100-ге жетті

Қазақстанда ПМПК саны 100-ге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде баланың дамуындағы ауытқушылықтарды ерте анықтау және түзеу үшін қосымша жағдайлар жасалуда. 

Осы мақсатта қазір психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің саны белсенді түрде арттырылуда. 

Биылғы жылдың басында ПМПК-ның саны 92 болса, бүгінде 100 ПМПК ашылған. Жыл соңына дейін тағы 7-еуі іске қосылады. Аталмыш шара ерекше білім алуды қажет ететін балаларға ерте жастан психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге, кезектілікті қысқартуға мүмкіндік береді, - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, елімізде барлығы 100 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру және 211 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері жұмыс істейді. 

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту тұжырымдамасы шеңберінде психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру желісін 50 мың балаға 1 кабинет есебімен 126-ға дейін көбейту жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы