Елімізде прогрессивті салық шкаласы қашан қабылдануы мүмкін?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда прогрессивті салық шкаласы қабылданса, салықтан жалтарулар көбейуі мүмкін. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев айтты.
Прогрессивті салық шкаласы әлі қабылданған жоқ. Оны біз жаппай декларациялаумен байланыстырамыз. Өйткені үлкен тәуекелдер бар. Салықтың ставкасы өссе, жалтару басталуы мүмкін. Алдымен жалпыға бірдей декларация тапсыру кезең-кезеңмен енгізіледі. Бірінші кезеңде - мемлекеттік қызметкерлер, екінші кезеңде - квазимемлекеттік сектор өкілдері, үшінші кезеңде - кәсіпкерлер, соңғы кезеңде - азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады. Ал үдемелі салық жүйесін осыдан соң қарастырамыз, - дейді Марат Сұлтанғазиев.
Оның айтуынша, жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу есепшілерге (бухгалтерлерге) қиындық тудырады.
Жалпы прогрессивті табыс салығының негізі принциптері бар. Ең минималды табыстан салық төленбейді. Одан сәл көп болса, 1 пайыз салық ұсталады. Яғни 90 пайызға салықтың мөлшері азаяды. Ал қалғандары 10 пайыз төлейді. Сондай үш шкала бар. Енді табысты көп табатындарға 10 пайыздан көбейтсек, шынымен жалтарулар басталуы мүмкін. Бухгалтерлік есеп жүргізу де қиындайды. Өйткені кейбір адам бірнеше жұмыс орнында істейді. Оның бәрін жинауы керек, - дейді комитет төрағасы.
Айта кетейік, көктемде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде жеке кіріс салығының үдемелі өлшемін енгізу туралы тапсырмасын түсіндіргені бар.
Қазіргі уақытта айына 250-300 мың теңге жалақы алатын азаматтар табыс салығынан 10 пайыз салық төлеп отыр. Ал үдемелі өлшем жүйесі енгізілсе, 250-300 мың теңге алатындар жеке кіріс салығын 7 пайыздық мөлшерлемемен төлейтін болады. Ал айына 300 мың теңгеден 1,5-2 миллион теңгеге дейін табыс табатындар үшін қазіргі 10 пайыздық мөлшерлеме сақталады, – деді Тоқаев.
Яғни 25 миллион теңгеден көп табыс табатын азаматтар үшін пайыздық мөлшерлеме көлемі артуы тиіс деп санайды. Әрине, оның көлемін Үкіметтің комиссиясы анықтайды. Ал Мемлекет басшысының пікірінше, жеке кіріс салығының жоғарғы шекті деңгейі 15 пайыздан аспауы керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алтын орданың рухани болмысына ықпал еткен Ясауи жолы
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы