Елімізде президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады
Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
- агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
- - сыртқы саясат және инвестициялар;
- экономикалық және қаржылық саясат;
- - цифрландыру;
- - әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:
- құжаттарды қабылдау;
- - мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
- - ситуациялық тапсырмаларды шешуді бағалау;
- - құзыреттерді бағалау (assessment center және hr-сұхбат);
- - сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
- - ұлттық комиссия отырысы.
Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Грузияда күннің күрт жылынуы сезіледі
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы