Елімізде пияз қымбаттай ма? – Министр жауап берді

Сауда министрі Арман Шаққалиев биыл елімізде пияз бағасы қымбаттамайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр ішкі нарықта пиязға тапшылық болғаны бәріңізге мәлім. Сол себептен бағасы жоғары болды. Маусымаралық кезде 500 теңге дейін барды. Енді биыл ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілермен бірнеше жиналыс өткізіп, Индонезия, Пәкістан, Үндістан сияқты елдер өте көп егін жинайтынын айттық. Пияз тапшы болмайды. Сондықтан біз алдын ала контракцацияны форвард арқылы жасау керегін айттық. Жаздан бастап маусымаралық кезді күтпей, бағаның өсуі болмайды, - деді ведомство басшысы Қазақстан экспорттаушылар форумының кулуарында.

Министр бүгінгі таңда Ауғанстан және Пәкістанға 71 вагон пияз экспортқа жібергенін айтты. Сөзінше, тағы 10 вагон жіберіледі.

Бірақ қазір маусымның аяғы екенін түсіну керек. Өткен жылы жиналған пияздың уақыты өтті. Сол себепті оның бағасы төмен болады. Қазіргі таңда көтерме-бөлшек сауда орнында 1 келі пияз 12 теңгеден 60 теңгеге дейін бар. Ол пияздың сапасына байланысты, - деді Шаққалиев.

Ол бүгін Үкіметте маңызды мәселе қарастырылғанын айтты.

Ол – жоспарлау, яғни алдын ала ауыл шаруашылығы өнімін, пиязды егетін кезде оны алдымен жоспарлау керек. Екіншіден, миллиондаған тонна аламыз. Өзіміздің ішкі нарыққа оның бір бөлігін пайдаланамыз. Бірақ экспорт жағын қарау керек, сұраныс бар ма, жоқ па, - деді министр.

Бұған дейін Қазақстан Грузия мен Әзербайжанға пияз экспорттайтынын хабарладық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы